Біздің теріміз күнделікті сыртқы әсерлерге ұшырайды: күйзеліс, ұйқының қанбауы, жаман әдеттер, дұрыс тамақтанбау, ластанған ауа. Барлық осы факторлар терінің сыртқы түрі мен саулығына теріс әсер ет...
Біздің теріміз күнделікті сыртқы әсерлерге ұшырайды: күйзеліс, ұйқының қанбауы, жаман әдеттер, дұрыс тамақтанбау, ластанған ауа. Барлық осы факторлар терінің сыртқы түрі мен саулығына теріс әсер етеді. Оттегі мен ылғалдың жетіспеушілігі терінің тез қартаюына, оның кебуіне әкеледі, ол серпімділік пен иілгіштікті жоғалтады. Мұндай салдарды болдырмау үшін , бет пен дене терісіне үнемі күтім жасау керек, өзіңізді күтіп және сұлулығыңыз бен жастығыңызды табиғи жолмен сақтауыңыз қажет. Алматы қаласындағы «Надиалан Эстетик» емханасы сізге плазмолифтинг процедурасынан өтуді ұсынады, оны осы салада мол тәжірибесі мен білімі бар емхана мамандары жүргізеді.
Плазмолифтинг-медициналық препараттарды қолданбай теріні жасартудың, оның жай-күйін жақсартудың, оны регенерациялайтын процестерді қалпына келтірудің операциясыз процедурасы. Плазмолифтинг процедурасы емделушіге өз қанынан алынған және тромбоциттермен байытылған плазма инъекциясын енгізуге негізделген. Тромбоциттер қанның ұюына жауап беруімен қатар ағзадағы табиғи қалпына келтіру процестерін ынталандырады. Плазма компоненттері, оның ішінде ферменттер, гормондар, дәрумендер, коллаген мен эластин синтезі арқылы табиғи жасару процесін бастайды. Нәтижесінде терінің серпімділігі мен тургоры жоғарылайды, оның түсі мен құрылымы жақсарады.
Плазмолифтинг процедурасы емделушіге тромбоциттермен байытылған өзінің плазмасын енгізу жолымен терінің жасаруын білдіреді. Қан шынтақ көктамырынан алынады: 20 мл-ге дейін қан қажет. Қан жеке сынауыққақа, содан кейін центрифугаға салынады. Центрифугалау процесінде плазма алынады, ол кейіннен емделушіге енгізіледі. Процедура шамамен 60 минутқа созылады. Плазмолифтингті 14 күн аралықпен 4-6 рет қайталау керек. Плазмолифтинг процедурасынан кейін оңалту талап етілмейді. Бірнеше күн бойы сауналарға, моншаларға және солярийге бармау ұсынылады. Плазмолифтинг процедурасын жүргізгеннен кейінгі нәтиже 4-5 күнде байқалады.
Көптеген адамдар қалың жылтыр шаштарымен мақтана алмайды, шаштың түсуінен, қайызғақтан және басқа аурулардан зардап шегеді. Бұл мәселелерді шешу үшін бастың шашты бөлігінің плазмолифтингі ұсынылады. Бұл процедура шаш түптерін нығайтады, өсуін жақсартады, шаштың жылтырлығын қайтарады, оны жұмсақ және икемге көнгіш етеді. Тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен қатар шаштың саулығы да айтарлықтай жақсарады. Мұндай плазмолифтинг бас терісіне инъекция енгізу арқылы жүзеге асырылады. Әр 14 күн сайын 4-6 процедура жасау қажет. Бастың шашты бөлігінің плазмолифтингісінен кейін оңалту қажет емес.
"Надиалан Эстетик" емханасы сізге осы салада мол тәжірибесі бар кәсіби мамандардың бет плазмолифтингі мен бастың шашты бөлігінің плазмолифтинг процедурасын жүргізуді ұсынады. Біздің емханамызда плазмолифтингтің артықшылықтары келесіде:
Осылайша, плазмолифтинг жасарудың, тері мен шаштың саулығын қалпына келтірудің, созылу белгілерінен, безеуден және құрғақ теріден арылудың ең табиғи және қауіпсіз процедурасы болып табылады.