Біздің әрқайсымыз өз жастығымыз бен сұлулығымызды барлық мүмкін тәсілдермен сақтауға тырысамыз, соның ішінде, косметологтар мен пластикалық хирургтардың қызметтеріне жүгінеміз. Жасару мен пластикан...
Біздің әрқайсымыз өз жастығымыз бен сұлулығымызды барлық мүмкін тәсілдермен сақтауға тырысамыз, соның ішінде, косметологтар мен пластикалық хирургтардың қызметтеріне жүгінеміз. Жасару мен пластиканың заманауи әдістері дерлік барлығына қол жетімді,препараттардың әртүрлілігі бет пен денеге ауыртпалықсыз және тимді күтім жасауға мүмкіндік береді. Алматыда "Надиалан Эстетик" емханасының хирургтары мен косметологтары жасару және пластика саласында өз қызметтерін сізге қуана ұсынады. Біздің мамандарымыз сізге ең сапалы препараттар мен инъекцияларды енгізудің заманауи техникаларын пайдалана отырып, контурлы пластиканы кәсіби түрде жүргізеді.
Контурлы пластика - инвазивті процедура, терінің косметикалық кемшіліктерін түзетуге және оны жасартуға бағытталған.
Алматы қаласында контурлы пластика гиалурон қышқылына негізделген арнайы препараттар - толтырғыштар арқылы жүзеге асырылады. Олар бет пен дененің белгілі бір аймақтарын түзету үшін қолданылады:
Гиалурон қышқылы уақытша материал болып табылады: ол ериді және өздігінен ағзадан толығымен шығарылады, бірақ лифтинг әсері ұзақ уақыт сақталады. Бұл әдіс қауіпсіз және тиімді, өйткені толтырғыштардың құрамы табиғи гиалурон қышқылының құрамымен бірдей. Сонымен қатар, гиалурон қышқылына негізделген толтырғыштар мүлдем гипоаллергенді болып табылады.
Толтырғыштармен контурлы пластиканы жүргізу анестезияны қажет етпейді. Процедурадан бұрын емделушіге қанды сұйылтатын препараттарды қолдануға болмайтындығы туралы міндетті түрде ескертеді. Сонымен қатар алкоголь ішу және темекі шегу қарсы көрсетілген. Егер емделушінің терісі өте майлы болса, онда теріні тазартуға және тері тесіктерін тарылтуға бағытталған алдын ала косметикалық процедуралар қажет болуы мүмкін.
Процедура шамамен бір сағатқа созылады. Препараттың инъекциясы белгілі бір аймаққа өте жұқа инемен енгізіледі.
Толтырғыштармен контурлы пластиканы жүргізудің нәтижесі бірден байқалады, қажет болған жағдайда кемшіліктерді түзетуге болады. Процедурадан кейін инъекция мен ісінудің іздері келесі күні толығымен өтеді.
Нәтиже 6 айдан 12 айға дейін сақталады. Әсерді сақтау үшін процедураны қайталау керек.
Осылайша, бет және денеге арналған контурлы пластика процедурасы, жасартуға және тері кемшіліктерін түзетуге бағытталған, өзінің сұлулығын ерекше көрсетіп және жастықты қалпына келтіргісі келетіндер үшін қолжетімді және қолайлы нұсқа болып табылады.