Белгілі бір жасқа келген соң біздің теріміздің серпімділігі азаяды, әжімдер пайда болады, кейбір жерлерде терінің «салбырауы» байқалады.
Осылайша, иық аймағы проблемалық аймақ болып табылады, ...
Белгілі бір жасқа келген соң біздің теріміздің серпімділігі азаяды, әжімдер пайда болады, кейбір жерлерде терінің «салбырауы» байқалады.
Осылайша, иық аймағы проблемалық аймақ болып табылады, осы жерде тері тургордың нашарлауына, яғни «салбырауға» ұшырайды, бұл жайсыздыққа, өзіне деген сенімділіктің жоғалуына, қартаю сезіміне және нәтижесінде ыңғайсыздыққа әкеледі. Сонымен қатар, қолдың терісінің серпімділігін жоғалтудың кең тараған себептерінің бірі - салмақтың айтарлықтай өсуі, содан кейін күрт төмендеуі. Өкінішке орай, осындай проблемамен физикалық жаттығулар терінің серпімділігі мен жастығын қалпына келтіре алмайды. Мұндай жағдайларда бұл проблеманы шеше алатын мамандар көмекке келеді. «Надиалан Эстетик» емханасының хирургтары кеңес беру және қажетті процедуралар өткізу арқылы, сіздің тартымдылығыңызды, өзіңізге деген сенімділігіңізді қуана қалпына келтіріп, ыңғайсыздықтан арылтады. Сонымен, қолдың терісімен проблемалар болған жағдайда, қолдың пластикалық хирургиясы – брахиопластика қолданылады.
Брахиопластика - хирургиялық процедура, соның салдарынан , иықтан шынтаққа дейінгі аймақта қолдың жоғарғы бөлігінің терісі тартылады, ол артық мөлшердегі майды сорып, артық теріні кетіру арқылы жүзеге асады. Қолдың терісін тарту терінің тургорын қалпына келтіреді, оны серпімді және иілімді етеді. Брахиопластика көбінесе липосакция немесе липофилингпен бірлескен операция болып табылады.
Кез-келген басқа хирургиялық араласу сияқты, қол пластикасы үшін кейбір қарсы көрсетілімдер бар:
Операция туралы шешім қабылдамас бұрын дәрігермен міндетті түрде кеңесу керек, кеңес беру кезінде хирург қажетті талдауларды тағайындайды: жалпы қан талдауы, қанның ұйығыштығын тексеру, жалпы зәр талдауы, сонымен қатар аллергиялық реакциялардың болуына тексеру жүргізіледі.
Операция жергілікті наркозбен және жалпы наркозбен де жасалады. Брахиопластика операциясының ұзақтығы шамамен екі сағатты құрайды. Операция кезінде тілік жасалады (эллипсоид, Т-тәрізді немесе S-тәрізді), ол арқылы артық май тіндері мен тері алынып тасталады. Осыдан кейін тері сәл созылып, косметикалық тігіспен сіңірілетін жіптерді қолданып тігіледі.
Брахиопластиканың қорытындысы ұзақ және тиімді нәтиже болып табылады, әдетте, қайта хирургиялық араласуды қажет етпейді (салмақтың айтарлықтай ауытқуы, гормоналды бұзылулар түрінде қоздырғыш факторлардың болмаған кезінде және терінің толық күтімінде): қолдың терісіне серпімділік оралып, қолдардың әдемі табиғи пішіні қалпына келтіріледі. Алғашқы нәтижелерді 3-4 аптадан кейін, соңғы нәтижелерді 6-12 айдан кейін көруге болады.
Операциядан кейін емделушінің ауруханада болу кезеңі 1-ден 3 күнге дейін. Тігістерді (егер сіңірілмейтін материал пайдаланылса) және операциядан кейінгі таңғышты алу операциядан кейін 10-14 күн өткен соң жүргізіледі. Қалпына келтіру процесін жақсарту үшін компрессиялық іш киім, жең кию ұсынылады.
1 ай ішінде физикалық жүктемені шектеу керек, қызып кетуден, монша мен саунаға барудан, күнге күюден, солярийге барудан аулақ болу ұсынылады.
Кез-келген басқа операция сияқты, брахиопластикадан кейін асқыну қаупі болуы мүмкін: ісіну мен қанталаудың пайда болуы, індет жұқтыру, тыртықтың пайда болуы, тіндердің асимметриясының пайда болуы, терінің "тартылу" сезімі. Мұндай асқынулардың алдын алу үшін барлық ұсыныстарды нақты орындау керек және дәрігер көрсеткен шектеулерді сақтау керек.