Әдетте, өзінің сыртқы келбетіне наразы болу, өзін кем сезіну, бет пен дененің белгілі бір кемшіліктеріне байланысты өзіне деген сенімсіздік - әйелдердің сыбағасы болып саналады. Бірақ тәжірибе көрс...
Әдетте, өзінің сыртқы келбетіне наразы болу, өзін кем сезіну, бет пен дененің белгілі бір кемшіліктеріне байланысты өзіне деген сенімсіздік - әйелдердің сыбағасы болып саналады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, көбінесе сыртқы келбеттің эстетикалық кемшіліктерін жою үшін мамандарға ерлер де жүгінеді.
Ерлер арасында жиі кездесетін проблемалардың бірі – гинекомастия - эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты ауру, бұл сүт бездерінің ұлғаюымен көрінеді. Қарапайым сөзбен айтқанда, ерлердің кеудесінің өсуі. Бұл ер адам ағзасындағы ерлер мен әйелдер гормондарының қақтығысына байланысты.
Гинекомастияның бастапқы сатысында симптомдар әдетте байқалмайды, ер адам үйреншікті өмір салтын ұстанады. Бірақ болашақта кеуденің тығыздалуы және ұлғаюы физикалық ыңғайсыздықты (ауырлық, кеуде аймағындағы қысым, пальпация кезіндегі ауырсыну) ғана емес, сонымен қатар психологиялық – ұялшақтық пен өзін кем сезінуді туғыза бастайды. Ер адам спортпен айналыса бастайды, тамақтану тәртібі мен салтын өзгертеді, бірақ проблема шешілмейді - салмақ азаюы мүмкін, бірақ сүт бездері ұлғаюын жалғастырады. Жоғарыда аталған проблемалардан басқа, дұрыс емделмегенде немесе оның болмауында кеуденің қатерлі ісіктерінің пайда болу қаупі бар, сондықтан қандай да бір симптомдар болған кезде міндетті түрде мамандарға жүгіну керек.
Гинекомастияның бірінші сатысында - кеуде өсуінің басынан бастап 4 ай өткен уақыт кезеңінде емдеу консервативті болып табылады, ол дәрі-дәрмектерді қабылдаудан тұрады:
Егер дәрі-дәрмектерді қабылдау тиімді нәтиже бермесе және зерттеу аурудың дамып келе жатқанын көрсетсе, онда хирургиялық араласу қажет болады.
Гинекомастияны түзету операциясы бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:
Айта кету керек, әр ағза жеке және қалпына келтіру кезеңі де әртүрлі, сондықтан көрсетілген мерзімдер шамамен алынған.
Сүт бездерін кішірейту операциясынан кейін ерлерде ісіну мен ауырсыну сезімдері пайда болады, олар мастэктомияны жасаған хирургтің тағайындаған дәрі-дәрмектерін қабылдау арқылы оңай тоқтатылады.
1-1, 5 ай ішінде физикалық жүктемені шектеу керек, компрессиялық іш киім кию міндетті. 2 ай бойы қызып кетуден (монша мен саунаға барудан), ультракүлгін сәулелердің тікелей әсерінен (жағажайға, солярийге барудан) қашқақтау керек.
Асқынулардың пайда болу мүмкіндігін ескеру қажет, сондықтан гинекомастиядан кейін жағымсыз салдарларды болдырмау үшін дәрігердің барлық ұсыныстарын міндетті түрде ұстану керек.